ҰЛТ ТАРИХЫ – ҰРПАҚ МАҚТАНЫШЫ!

ҰЛТ ТАРИХЫ – ҰРПАҚ МАҚТАНЫШЫ!

18 мамыр күні жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Семей медицина университеті 70 жылдық мерейтойына орайластырылған Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы болып өтті. Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына Қазақстан Республикасының ЖОО және орта арнаулы білім беру мекемелерінің барлық білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері арасынан 11 команда қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихы пәні бойынша білім алушылардың қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, ғылыми-педагогикалық әрекетке деген қызығушылықтарын ынталандыру.

Қазылар алқасының Олимпиадаға қатысушылардың барлық үш кезең бойынша тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайлары негізінде олимпиада жеңімпаздарына I, II, III дәрежелі дипломдар беріп, «Үздік топ», «Креативті топ», «Дарынды топ», «Зерделі топ» сияқты  номинациялары қарастырылды.

11 топтың ішінде Семей медицина университетінің «Кемеңгер» тобы үздік деп танылып, жүлделі І орынды иеленді. ІІ орынды Астана қ. Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінің «Мұрагер» және Қарағанды медицина университеті «Өмір жұлдызы» тобы жеңіп алды. ІІІ орын иегері ретінде Астана медицина университетінің «Ұлы дала мұрагерлері» командасы, Семей медицина университетінің «Ибн Сина» және Семей қ. Шәкәрім университетінің «Эверест» топтары танылды.

«Креативті топ» номинациясымен Семей медицина университетінің «Авиценна» тобы танылса,  ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY келген «Жас Алиханшылар» тобы «Дарынды топ» номинациясымен марапатталды. «Зерделі топ» ретінде танылған Семей қ. Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенттерінен құралған «Жалынды жастар» тобы болды.

Сондай-ақ олимпиадаға қатысқан барлық оқытушылар мен студенттер университет ректоры атынан арнайы сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: