Профессор Мусин М.Н. атындағы биология бойынша сегізінші аудандық пәндік олимпиада

Профессор Мусин М.Н. атындағы биология бойынша сегізінші аудандық пәндік олимпиада

Абай облысы Көкпекті ауданының “М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ базасында 2023 жылғы 12 мамырда профессор, медицина ғылымдарының докторы Марат Мусин атындағы биология бойынша сегізінші аудандық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың құрылтайшысы және демеушісі жыл сайын профессор М. Мусин атындағы қоғамдық қор болып табылады, Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық көпсалалы ауруханасының клиникалық фармакология дәрігері, PhD докторы  Ожмухаметова Э.К., “СМУ” КеАҚ Семей қ. ЖЖОКБҰ кафедрасының профессорының м.а. Казымов М.С.. Олимпиада жұмысына ауданның 9 мектебінен 33 қатысушы қабылданды: Аухадиева атындағы орта мектеп, Абай атындағы орта мектеп, Пушкин атындағы орта мектеп, Көкпекті атындағы орта мектеп, Көкжайық атындағы орта мектеп, Амангелді атындағы орта мектеп, Преображенская атындағы орта мектеп Шайжүнісова атындағы орта мектеп, Әуезов атындағы орта мектеп.

Биология пәнінен Олимпиада пәнге қызығушылық танытқан оқушыларды біріктіреді және біздің университет үшін ең үздік талапкерлерді іріктеу нысаны болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.

Мектеп әкімшілігі мен ұжымы Олимпиада демеушілеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Оқушылар ақшалай сыйлықтар мен дипломдар алды. Олимпиаданың әрбір қатысушысы мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге сертификаттар табысталды.

ЖЖОКБҰ кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты м.ғ.м. Сайдуалиев Д. Н.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз