“Ревматология ересектер, балалар” білім беру бағдарламасы резиденттерінің клиникалық жетекшілерінен кері байланысын талдау

“Ревматология ересектер, балалар” білім беру бағдарламасы резиденттерінің клиникалық жетекшілерінен кері байланысын талдау

Клиникалық базаларда резиденттердің дайындығын бағалау мен мониторингін жүргізу үшін Павлодар қ., Өскемен қ. Және Семей қ. ауруханалары мен емханаларында жұмыс істейтін «Ревматология ересектер, балалар» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық жетекшілерін сұрастыру жүргізілді. Әрбір резидентке тәжірибелі дәрігерлер қатарынан клиникалық жетекшілер бекітіледі.

Қазіргі уақытта берілген мамандық бойынша 1 оқу жылы білім алушыларынан 5 адам, оның ішінде екеуі Павлодар қаласында, 1 – Өскемен қаласында және екеуі Семей қаласында білім алады; 2-ші оқу жылы білім алукшылар саны екеу: біреуі Өскемен қаласында, екіншісі Семей қаласында.

Жетекшілерінің біреуінің пікірінше ревматолог-дәрігерінің сертификаты бар мамандар білім беретін кафедраның базасынан тыс білім алатын резиденттердің тәжірибелік дайындығы бойынша айырмашылығы айқын білінеді. Сонымен қатар, ішкі аурулар және ревматология кафедрасында теориялық дайындықтың жоғары деңгейін ғана емес, ғылыми жұмыс дағдыларын үйренуді қамтамасыз ететін ғылыми дәрежесі бар оқытушылар жұмыс істейді. Мысалы, Семей қаласында білім алатын 2-ші оқу жылы резиденті Бейсенгазинова Акжан барлық дәрігерлік манипуляциялар мен дағдыларды игерген, өзін –өзі дамытуға талпыыспен, мамандандырылған білім алуға құлшынысымен ерекше көзге түседі; клиникалық талдамаларда, мастер-кластарда, халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады. 03.12.2022 ж. резидент Бейсенгазинова А. Алматы қаласында өткен Қазақстан ревматологтарының ІХ Қысқы мектебінде Постерлік мәлімдемемен 1 орын алған. 1-ші және 2-ші оқу жылы резиденттері Ревмоортопедия мектебінің отырысына қатысады, СМУ КеАҚ «Күміс университеті» жобасының отырыстарына белсене қатысады. Сонымен қатар, олар кейде «Сүйек-буын жүйесі» бойынша IV курс студенттеріне «Ревматология» пәні бойынша сабақ жүргізеді.

Қалыптасқан дағдылар мен икемділіктерді талдау барысында кейбір резиденттердің резидентураға түскеннен бұрын басқа мамандық бойынша бірнеше жыл тәжірибелік жұмыстан соң түсу, оның ішінде басқа мамандықтан соң түсу ерекше орын алады.

Сонымен, клиникалық жетекшілердің негізгі ұсынысы, бұл резидентурада білім алушылардың мекен жайына қарамастан, бірінші оқу жылын кафедра базасында білім алғаны жөн.

Медицина мен техниканың қазіргі заманға сай заманауи жетістіктеріне қарамастан, медициналық жоғарғы оқу орнында резиденттердің кешенді білім берудің негізгі бөлігі ол оқытушыдан білім алушыға тәжірибе мен білімнің берілуімен тікелей қарым қатынасы болып табылады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі