24.05.2023 жылы СМУ КеАҚ университеттік госпиталінде кене инфекциялары – кене энцефалитінің және кене сүзегінің алдын алу жолдары бойынша семинар өтті. Облысымызбен шектесетін ШҚО аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самара аймағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер және Өскемен қалаларының айналасы болып табылады. Семинардың модераторлары – «СМУ» КеАҚ 617 тобының ЖПД интерндері. Семинар барысында интерндер эпидемиологияны, клиниканы, кене энцефалитінің және кене сүзегінің диагностикасын атап өтті. Кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикалық мәселелері егжей-тегжейлі талданды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.[/vc_column_text]