26.05.2023 “Семей медицина университеті” КеАҚ-да “Медициналық микробиология және инфекция. “Ғылым және білім” Профессор Марат Маутканович Уразалиннің 80 жылдығына арналған конференция өтті.
Профессор М. М. Уразалин медицина университететінде 50 жылдан астам жұмыс істеді. Марат Маутканович Уразалин біздің институтты үздік бітіріп, аспирантурада оқып, Харьков медицина институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, микробиология кафедрасына оралды, кейін кафедраны басқарды. 90 баспа жұмыстарының авторы және тең авторы, оның ішінде шетелдеде.
Марат Маутканович кәсіби қызметінен басқа қоғамдық жұмыстарға да көп уақыт бөлді. 1990 жылдары оқу жұмысы жөніндегі орынбасар болды. 2002 жылы микробиология кафедрасының профессоры атағын алды.
Марат Уразалин “Невада – Семей” антиядролық қозғалысының алғашқы белсенділерінің бірі болды. Үндістан, Пәкістан, Малайзиядан келген шетелдік студенттерді ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыру мен енгізудің бастауында тұрды. Профессордың көп жылғы жемісті еңбегі үшін көптеген марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Аралас форматта өткен конференцияға Марат Уразалиннің әріптестері, серіктестері, шәкірттері қатысты. Конференция жұмысына түрлі елдердің ғалымдары қатысты. Бұл Өзлем Күрд (Түркия), Новак А.И., Шелихов В. Г. (Ресей), Дусмагамбетов М. У., Құрманғалиева С. С., Дмитровский А. М., Смайыл Е. М., Рахимжанова Ф. С., Маукаева С. Б. (Қазақстан), сондай-ақ “СМУ” КеАҚ білім алушылары.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен білім алушыларға дипломдар табысталды.[/vc_column_text][ult_buttons]
[/vc_column][/vc_row]











