Семей қаласына жұмыс сапарымен экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова келді. Сапарда Зульфия Болатқызына облыс әкімінің орынбасары Абай Шалқар Байбеков еріп жүрді.
Зульфия Болатқызы Сүлейменова “Семей медицина университеті” КеАҚ базасында Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге қала тұрғындары, ҮЕҰ, әкімдік өкілдері, түрлі деңгейдегі депутаттар мен БАҚ қатысты.
Іс-шара соңында баспасөз мәслихатында ведомство басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.[/vc_column_text]