2023 жылдың 26 мамырында Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында Әбу Әли ибн Сино атындағы БММИ-де «Алдағы уақыт – ең жақсылар уақыты» атты студенттер мен жас ғалымдардың 30-шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының студенттері- Ішкі аурулар және фармакологияның өзекті сұрақтары атты №2 секциясының «Қант диабетіне арналған фитопрепараттар. Аурудың алдын алу» тақырыбына баяндама ұсынды. Р.Р.Олжаеваның жетекшілігімен «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері Абдулкаримов Ильгам, Амангелдинова Аружанның студенттік ғылыми жұмыстарының материалына шолу жасап, жұмыс бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмыстың қорытындысы бойынша тезистер жинағы шығарылады. Шараға шақырғаны үшін және студенттердің жұмысын таныстыруға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастыру комитетіне алғысымызды білдіреміз. Кафедраның номинанттарын құттықтаймыз, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз.
Ғылыми жетекшісі Олжаева Р.Р.[/vc_column_text]