Жидебай шатқалындағы Абай ескерткішіне бару

Жидебай шатқалындағы Абай ескерткішіне бару

Біздің кафедраның жыл сайынғы дәстүрі бойынша Құнанбаевтар отбасының мұражай-үйі орналасқан Жидебайға кураторлық топ студенттерімен саяхат-экскурсиясы болды. Өткен демалыс күндері ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ПОҚ (ППС) К.Т.Кусаинова, К.Ж.Амангельдина, А.А.Шакабаева, А.Е.Мусаханова, А.К.Канатбекова кафедра меңгерушісі С.О. Рахыжановамен бірлесіп және  кафедраның «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының  кураторлық топ студенттерімен: 2213, 2104, 2103, 2322, 2102, 2107, 1214, 3520 – Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1995 жылы салынған мемориалдық кешеніне барды.

Мемориал мұнаралары платформада орналасқан, оның үш деңгейі өткенді, бүгінді, болашақты бейнелейді. Құнанбаевтар үйінің бір жағында Абай кесенесі биіктігі 32 метр, диаметрі 12 метр болса, екінші жағында Абайдың немере інісі, әрі шәкірті Шәкәрімнің кесенесі де дәл сондай айбынды, бірақ биіктігі және диаметрі одан 1 метрге кем. Абаймен бірге оның ағасы Оспан да жерленген, ал жақын жерде Абайға ең жақын әйелдер – анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің қабірлері орналасқан.

Құнанбаевтар отбасы мұражайының сегіз бөлмесі мен үш залында Абайдың туыстары мен достары берген киім-кешек материалдары ұсынылған. Олардың ішінде араб, парсы, түрік, орыс тілдеріндегі кітаптар, сол жылдардағы фотоқұжаттар, Абайдың үш ішекті домбырасы, тұрмыстық заттар бар. Үлкен этнографиялық қызығушылық тудыратын экспонаттар студенттерді Абай дәуірімен таныстырды.

Жидебайға барар жолда студенттер Мұхтар Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйіне, Махаббат мұнарасы Еңлік-Кебек ескерткішіне, жауынгер Күшікбай-батыр асуына, «Евразия орталығы» ескерткіш белгісіне барды.

Физиологиялық пәндер кафедрасының

аға.оқытушысы Г.М.Токешев[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір