Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 2023 жылдың 19 мамыр күні «Балалардағы тұқымқуалаушылық микросфероцитоздың клинико-патогенетикалық аспектілері» тақырыбында кафедра жоспарға сай студенттік ғылыми үйірме онлайн және оффлайн форматта өткізілді. Үйірмеде «Балалардағы гемолитикалық анемиялар», «Тұқым қуалайтын микросфероцитоз» тақырыбында баяндамалар жасалып, резидент неонатолог Имашева Назгулмен «Минковский-Шоффар анемиясымен туылған нәресте» клиникалық жағдай тындалып, резидент-педиатр Саутбаева Мадинамен «Педиатрия бөлімінде Минковского-шоффара анемиясымен жүргізілген науқас» жайлы баяндама оқылды. Барлық қатысқан интерндармен, резиденттермен Балаларда кездесетін тұқымқуалайтын сфероцитоз туралы сұрақ- жауап жүргізілді. Минковский-Шоффар анемиясы сирек кездесетін патология болғандықтан үйірме арқылы баяндалуы білім алушылардың осы патология жайлы білімдерін нығайтуға комектеседі.
Үйірме соңында кафедра бойынша СҒҮ жауапты ассистент Алибекова Бақытжан Алибекқызымен 2022-2023 оқу жылында барлық өткізілген студенттік ғылыми үйірме жайында қорытынды жасалынды. Білім алушылардан келесі оқу жылына ғылыми үйірме өту форматы және тақырыптар туралы пікірлері тыңдалып, кері байланыс жасалды.[/vc_column_text]