Алтай мемлекеттік медицина университетімен академиялық ұтқырлық

Алтай мемлекеттік медицина университетімен академиялық ұтқырлық

Алтай мемлекеттік медицина университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес білім беру жобасы аясында «академиялық ұтқырлық» іс-шарасы бойынша – госпиталдық терапия және эндокринология кафедрасының оқытушылары: кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Елена Борисовна Клестер және ассистент Плинокосова Любовь Александровна 29.05.2023 ж. – 31.05.2023 ж. аралығында «СМУ» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасында келесі тақырыптар бойынша мәселелік дәрістер оқыды және семинарлар өткізді. Тақырыптар:

29.05.2023:

1. Ревматологияға кіріспе. Артикулярлық синдромның дифференциалды диагностикасы және емдеу тактикасы. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы,  клиникасы. Диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Емдеу.

2. Жиі және сирек кездесетін бауыр ауруларының салыстырмалы диагностикасы. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Емдеу.

30.05.2023:

1. Серопозитивті және серонегативті артриттердің салыстармалы диагностикасы. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Емдеу.

2. Сарғаюдың салыстырмалы диагностикасы. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.

31.05.2023:

1. Метаболикалық артриттер. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.

2. Ішек ауруларының салыстырмалы диагностикасы. Этиологиясы, патогенезі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер.

Семинарлар университеттік аурухананың конференц-залында «СМУ» КеАҚ білім алып жатқан студенттер – ЖТД интерндер, гастроэнтерологтар, ревматологтар, нефрологтар және терапевт резиденттері үшін өткізілді. Студенттер конструктивті жауаптарымен тақырыптағы мәселелерді талқылауға қатысты. Кері байланыс оң болды – өзектілігі, сенімділігі, халықаралық ұсыныстарға сәйкестігі, өз тәжірибеміздің клиникалық мысалдары және интерактивті көзқарастар айтылумен жүргізілді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының оқытушылары клиникалық пәндерді оқытудағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісті, оларды бағдарламалармен, оқыту және бағалау әдістерімен, оқытудың инновациялық әдістерімен, оқу-клиникалық орталықтың жағдайымен және одан әрі ынтымақтастықтың қажеттілігімен таныстырды.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі