Кене инфекциялары бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде семинар

Кене инфекциялары бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде семинар

2023 жылдық эпидемиялық маусымда кене инфекцияларынын алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінде 2023 жылғы 30 мамырда кене энцефалитінің және кене сүзегінің алдын алу бойынша семинар өткізілді. Біздің облыспен шектесетін, Шығыс Қазақстан облысының аумағында кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубоковский, Зайсан, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті (Самара облысы), Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер қалаларының маңы және Өскемен болып табылады. Семинарға Семей қаласының емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысты, семинар модераторлары «СМУ» КеАҚ 617 тобының ЖТД интерндері болды. Семинар барысында болашақ дәрігерлер кене энцефалитінің эпидемиологиясын, клиникасын, диагностикасын айтып, кене энцефалитінің спецификалық және бейспецификалық профилактикасы мәселелері жан-жақты талданды.

Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар