«Күміс университеті» жобасы аясындағы кездесу

«Күміс университеті» жобасы аясындағы кездесу

2023 жылғы 30 мамырда “Күміс университеті” жобасы аясында “СМУ” КеАҚ аясында профессор М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының қызметкерлері “Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде” тұрғындарымен кездесті. Кафедра қызметкерлері қарт адамдарға «Стрельникова әдісі бойынша тыныс алу гимнастикасы» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында тыныс алу жүйесі және оған байланысты аурулар және олардың алдын алу туралы дәріс оқылды. Алдын алу шараларын, ең бастысы, қарттардың салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығына тоқталған бейнесабақ көрсетілді. Жаттығу денені жалпы жетілдіруге қажетті ойындар мен жаттығулар түрінде өтті.

Жалпы, ұйымдастырылған шара қызықты, қажет және дер кезінде өтті. Тыңдаушылар ризашылықтарын білдіріп, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарына жауап алды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір