Әлихан ұрпақтарының тағдыры

Әлихан ұрпақтарының тағдыры

31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Осы заң аясына сай Семей медицина университетінің Жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары Т.А. Мұздыбаева мен Т.У.Джакипова мамыр айының 29-ы күні қаламыздағы «Өлкетану» мұражайы қызметкерлерімен бірлесе отырып Алаш қайраткерлерін еске алу кешін ұйымдастырды. Бұл іс-шараға қаламыздағы Alikhan Bokeikhan University ішінде құрылған «Алаштану» орталығының директоры Рахметуллин Еркін Ерланұлы қуғын-сүргін құрбандары туралы студенттерге келелі сұхбат берді. Сондай-ақ іс-шараға Семей медицина университеті студенттері мен Дүйсенбі Қалматаев атындағы медициналық колледж студенттері қатысты.

Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық зұлмат тағдырды бастан кешті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды. Сталинизмнің халыққа қарсы саясатынан шеккен зиянымыз бен оның нақты құрбандарының саны мен санаттарын айқындап, соның негізінде осы адамдарды заңдық және саяси жағынан толық ақтау–біздің борышымыз екендігі айтылды. Сондықтан да Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендердің батырлығы мен ерлігін мемлекеттік деңгейде біздің көпұлтты халқымыздың ең биік мемлекеттік құндылығы, ұлттық қазынасы деп тану қажет. Бүгінгі жастарға зұлмат тағдырдың құрбаны болған азаматтарымыздың ерлігін саналарына сіңіріп айтып отыру бүгінгі тарихшылардың міндеті десек артық айтқандық емес.  Бұл біздің аруақтар мен қаһармандардың алдындағы міндетіміз![vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: