27 мамыр күні СМУ студенттері арасында жалпы білім беру пәндері кафедрасында ағылшын тілінен пікірсайыс турнирі өтті. Студенттер медицина, жасанды интеллект, адам құқықтары және әлеуметтік медиа сияқты тақырыптарда ой жарыстырды. Іс-шараны кафедра оқытушылары Мейіржан Рамазанов, Айсара Оралбекова, Қуаныш Нұрғазы және Рүстем Екібаев ұйымдастырды.
Турнир нәтижелері:
🥇 орын: “Innocent Boys” – Ритик Шарма, Кишан Патель.
🥈 орын: “Dream Team” – Усама Бин Амин, Саид Нуман Али Шах.
🥉 орын: “Aurora” – Ескендир Садуакасов, Ихсан Мухаммад.
🥉 орын: “Abai Tacticians” – Мухаммад Мааз, Амир Али.
Үздік спикер – Усама Бин Амин
Турнирде төрешілік еткен Шәкәрім университетінің студенттеріне алғыс айтамыз. Жарыстың өтуіне қолдау білдіргені үшін университеттің кәсіподағына алғыс білдіреміз.

