“Балалардағы менингококкты инфекциясы” семинары

“Балалардағы менингококкты инфекциясы” семинары

Менингококкты инфекциясы балалардағы жұқпалы патологияда ерекше орын алады. Бұл аурудың ауырлығына және осы инфекциядан болатын өлім жағдайларының тіркелуіне байланысты ол өзекті болып қала береді.

2023 жылы 26 мамырда Абай облысының стационарлық және емханалық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне арналған “Балалардағы менингококкты инфекциясы” тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарды Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облыстың бас штаттан тыс балалар инфекционисті м.ғ.к. Эфендиев И.М. өткізді. Имдат Мұсаевич өз сөзінде балалардағы менингококкты инфекциясының этиологиялық құрылымын, эпидемиологиясын, жіктелуін және клиникасын баяндады. Баяндамашы ажырату диагностикаға, зертханалық тексеруге, терапияға және балалардағы аурудың алдын алуға ерекше назар аударды.

Семинардың қатысушылары сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Барлығы 52 тыңдаушы қатысты.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: