Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі

Дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі

2023 жылдың 30 және 31 мамыры аралығында Астана қаласында дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі өтті. Конгресс жұмысына Қазақстан Республикасының (ҚР) еңбек сіңірген қайраткерлері, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Германия, Латвия, Әзірбайжан, Түркия елдерінің атақты профессорлары мен дерматовенеролог дәрігерлері қатысты. Құттықтау сөз ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Гиниятқа, «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Қ.Надыровқа, сондай-ақ Халықаралық дерматологтар қоғамының (ISD) президенті Н.Конниковқа берілді. Талқыланған басты тақырыптар ҚР дерматовенерологиялық қызметінің 2022 жылғы жұмысының негізгі көрсеткіштері, терінің созылмалы қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері, терінің қатерсіз ісіктерінің клиникасы мен патоморфологиясы, витилигоны хирургиялық емдеу және т.б. болып табылды. Біздің университеттен Конгрес жұмысына «Витилиго» секциясының төрайымы қызметін атқарған жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессор м.а., доцент м.ғ.к. Ахметова А.К., сонымен қатар кафедра ассистенті, PhD Кусаинова А.А. «Витилиго патогенезіндегі нейротрофиялық және нейрогуморальды аспектілер» тақырыбында баяндамасымен қатысты. Конгресс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]