Жедел ішек инфекциясы қазіргі уақытта балалардың жедел респираторлық инфекциялардан кейінгі жұқпалы ауру құрылымында екінші орында тұр. Балалардағы ЖІИ ауруының деңгейі ересектерге қарағанда 2,5-3 есе жоғары, оның ішінде тіркелген жағдайларының жартысы ерте жастағы (3 жасқа дейінгі) балалардың үлесіне келеді. ЖІИ әртүрлі вирустардан, бактериялардан және қарапайымдылардан туындайды.
01.06.2023ж балалар жұқпалы аурулары кафедрасында “Жедел ішек инфекциясы. Диагностика, емдеу және алдын алу” тақырыбында Абай облысының “Облыстық фтизиопульмонология орталығы” базасында семинар өтті. Семинар спикері балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев Имдат Мұса оглы болды. Дәріскер ЖІИ-ның эпидемиология, этиология және патогенез мәселелерін, клиникалық ағымның ерекшеліктерін, балалардағы вирустық және бактериялық ішек инфекцияларын диагностикалау, емдеу және алдын алу принциптерін атап өтті. Семинардың тыңдаушылары балалар жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігерлері, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері және СМУ КеАҚ “Шұғыл медицина” мамандығы бойынша 3 оқу жылының резиденттері болды. Семинар соңында Имдат Мұса оглы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардан оң пікірлер мен кері байланыс алды.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы, СМУ КеАҚ [/vc_column_text]