Жемқорлыққа қарсы күреске арналған кездесу

Жемқорлыққа қарсы күреске арналған кездесу

«СМУ» КеАҚ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттікі жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өтті.

Басқосуға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев, университет басшылығы, «СМУ» КеАҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің төрағасы мен мүшелері, Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың бойында жемқорлық сипатындағы қылмыстарға деген төзімсіздік қалыптастыру.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет өкілдерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды. Мұнымен қатар, қоғам қайраткерлері, студенттер ойларымен бөлісіп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолдары талқыланды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]