2023 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша Комитет төрағасының № 238 «8D10102 – Медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін – Құсайынова Әсия Әбіхасқызына беру туралы» бұйрығы шықты. Бұл жайт Қазақстан Республикасында «Медицинаі» мамандығы бойынша алғаш рет мақалалар топтамасымен қорғауға шыққан талапкерге ғылыми дәреже берілуімен маңызды. «Витилигомен ауыратын жалпы мазасыздық бұзылысы бар науқастардағы нейротрансмиттерлердің қан сарысуындағы деңгейлері мен олардың гендерінің полиморфизмі арасындағы байланыс» тақырыбы бойынша біртұтас ғылыми жұмыс болып табылатын барлық мақалалар Scopus бойынша Q1-Q2 және Web of Science бойынша 92-87% журналдарында жарияланған. Зерттеудің ғылыми кеңесшілері «Семей медицина университеті» КеАҚ жұқпалы аурулар, тдерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры, доцент, м.ғ.к. Ахметова А.К. және «Астана медицина университеті» КЕАҚ дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доцент-ғылыми қызметкері, PhD Қасым Л.Т. болды Әріптестерімізді осындай ерекше жетістіктерімен құттықтап, ғылыми салада одан әрі табыстар тілейміз![/vc_column_text]