Семейде медицина қызметкерлері күніне арналған Спартакиада басталды

Семейде медицина қызметкерлері күніне арналған Спартакиада басталды

Семейде денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жаздық спорттық демалыс күндері өтті. Айта кетейік, келесі демалыс күндері шағын футболдан жарыс өткізу жоспарланып отыр.

Қалада медицина қызметкерлері күніне арналған спартакиада басталды. “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Нұржан Зейнуллиннің айтуынша, бұл Абай облысы құрылғаннан кейінгі алғашқы облыстық Спартакиада, ол алдағы уақытта жыл сайын өтетін болады.

“Спартакиада төрт кезеңнен тұрады. Бірінші күні – 3 маусымда – Спартак стадионында әйелдер арасында эстафета өтті. Бүгін, 4 маусымда “СМУ” КеАҚ базасында екі кезең – үстел теннисі мен шахматтан жарыс өтеді. 10 және 11 маусымда футбол матчтарын өткізу жоспарлануда”, – деді Нұржан Зейнуллин.

Бүгінгі жарыстардың қорытындысы бойынша шахмат турнирде 3 орынды СЭБ департаментінің командасы, 2 орынды – жедел жәрдем станциясы ал бас жүлде 1 орынды КОАА (Аягөз) командасы жеңіп алды.

Үстел теннисі бойынша нәтижелер келесідей: 3-ші орнында МӘМС командасы, 2-ші орында – “СМУ” КеАҚ командасы. Ал ЖМЖА командасы жеңімпаз атанды.

Үржардан келген белсенді спорт командасы көрермендердің көңілінен шықты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]