4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

2023 жылдың 4 маусым күні Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Спартак» алаңында Мемлекеттік әнұранды орындау және Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізге тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше құрмет көрсетіп, құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.

Айтулы мерекеде Абай облысының әкімі Ұранхаев Н.Т., Семей қаласының әкімі Нұрсағатов Н.Т., жергілікті мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен әскери сала қызметкерлері, Самат Смақов бастаған «Елімай» футбол клубының ойыншылары, жоғарғы және кәсіптік – техникалық білім беру мекемелерінің студенттері мен шығармашылық топтан құралған 1000 адам «Спартак» алаңында еліміздің көк туын көтеріп, Мемлекеттік Әнұранымызды орындады.

Осы іс – шараға «Семей Медицина Университеті» КеАҚ-ның белсенді студенттері де ат салысып, отанымыздың патриоты ретінде мерекеге өз үлестерін қосты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Мерекелер