Дара тұлға – Бейбарыс

Дара тұлға – Бейбарыс

5 маусым күні Семей медицина университеті жалпы білім беру пәндері кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттерімен тұлғатануға қатысты арнайы семинар өткізді. Шараны ұйымдастырудағы мақсат Сұлтан Бейбарыстың өмірдерегімен таныстыру арқылы жастарымыздың тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру, құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығын білім алушыларға үлгі етіу.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрғазы Қуаныш Аманжолұлы және Ибраемова Майра Сансызбайқызының баяндауларында ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін, тарихта айрықша орын алатын  батырларымыз аз еместігін,  Батырды батыр ететін — алып күші,  қайсарлығы, тез шешім қабылдайтын ақылдылығы мен  ар-намысы кендігін баса айта келе, қазақ халқында осындай батырларды «қара батыр» деп  атағандығын, сондай қаһармандарымыздың бірі — қыпшақ  сұлтан Бейбарыс — барша түркі халықтарына, мұсылман қауымына ортақ тұлға болғандығын сөз етті. Оны батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да тануға болады. Сұлтан Бейбарыстың Мысыр  елінде жасаған істері, салған ескерткіштері  күллі әлемге мәлім.

Сұлтан Бейбарыстың өмірі  туралы бейнефильм көрсетіліп, білім алушыларға жан-жақты деректермен таныстыру арқылы Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесі түсіндірілді. Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін іс екендігі айтылды.

Қорытындылай келе, өз заманынан озып туған, ерекше тұлға — Бейбарыс сұлтанның даңқы асып бүгінгі күнге жетті. Батыр  бейнесі, іс-әрекеті ұрпағына үлгі болып қалды. Тек үлгі болып қана қоймай, жастарымыздың Отан, туған жер, ұлттық  ар-намыс, парыз туралы ойлануына себеп болды. Сонымен қатар Сұлтан Бейбарыс әлемге қазақ  халқын танытқан  тарихи құндылығымызға – Ұлы дала елінің барысына айналды.

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: