«Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің клиникалық базалардағы дайындығының мониторингі мен бақылауын жүргізу мақсатымен оқу жылы бойы резиденттер жұмыс атқарған Павлодар, Өскемен мен Семей қалалар стационарларындағы клиникалық тәлімгерлерінің арасында кері байланыс сауалнамасы жүргізілді. Оқу жылы бойы резиденттер осы стационарларда тәжірибелік денсаулық сақтаудың тәжірибелі және квалифицирленген дәрігерлер болған клиникалық тәлімгерлерінің жетекшілігімен жұмыс істеді. «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша қазіргі уақытта 1 оқу жылының 4 резиденті және 2 оқу жылының 4 резиденті оқиды, оның ішінде 2 резидент «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университеттік госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінің базасында оқиды, 4 резидент – Өскемен қаласындағы университеттің филиал базасында және 2 резидент – Павлодар қаласындағы университеттің филиал базасында білім алады.
Клиникалық тәлімгерлерден алынған кері байланыс анализі «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің резидентураны өту жеріне байланыссыз өздерін білгір, адал мамандар ретінде көрсетті. Олар өздерінің клиникалық ойлау мүмкіндіктерін, өзін өзі жетілдіру мен үздіксіз кәсіби оқуға деген талпыныстарын көрсетті. Резиденттер пациенттерді дәрігерлік қарау, диагностика мен емдеу дағдыларын игерді, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды және белсенді түрде клиникалық талдаулар мен консилиумдарда, жаға заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін талқылауға және енгізуге қатысты. Пациенттермен және әріптестермен қарым қатынас кезінде дәрігерлік этика мен деонтология принциптерін ұстанды.
«Семей медицина университетінің» Ішкі аурулар мен Ревматология кафедрасының КеАҚ тұрақты қолдауы мен академиялық тәлімгерлігінің және тәжірибелік денсаулық сақтаудың тәжірибелі дәрігерлерінің клиникалық тәлімгерлігінің арқасында резидентураны өту жеріне тәуелсіз «Ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резиденттердің дайындығының жақсы деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.
Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасы.[/vc_column_text]