«Жедел ішек инфекциялары» семинары

«Жедел ішек инфекциялары» семинары

2023 жылдың 31 мамырында Абай ауданы денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған «Жіті ішек инфекциялары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар аралас форматта (жеке және Zoom платформасында) өтті. Семинардың басында Абай ауданы ДБ бас маманы Дайрабаева М.Б. сөз сөйледі. Семей қаласы бойынша 2023 жылдың ағымдағы кезеңіне және 2022 жылға арналған жіті ішек инфекциясы, сальмонеллез ауруы туралы эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Тлекина Д.Б , одан әрі «Жіті ішек инфекцияларының этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі» атты баяндамамен балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Мансурова А.А сөз сөйледі. Семинарды эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Каримова Л.С. «Жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, іш сүзегінің және паратифтің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» баяндамасымен жалғастырды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері Бакенова З.З. «Жедел ішек инфекциясы, сальмонеллез, іш сүзегі, паратиф ауруы кезіндегі зертханалық диагностика» тақырыбында баяндама оқыды.

Абай ауданының бас штаттан тыс балалар инфекционисті, Семей қаласының медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Эфендиев И.М. аудитория сұрақтарына жауап беріп, семинарды қорытындылады. Семинар соңында ұйымдастырушылар қатысушылардан кері байланыс алды. Семинарға 67 тындаушылар қатысты.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]