Семейде алапат апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда өрт шалған орманның аумағы 60 мың гектарға жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ барлық күштері жұмылдырылды. ШҚО, Алматы, Жетісу облыстарының ТЖД, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен көмек келіп жетті.
Қала мен облыс тұрғындары қиын жағдайға бей-жай қарамай жәрдем беріп жатыр. Өңір бойынша өрттен жапа шеккендер мен апатпен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек жинау үшін жедел штабтар құрылды.
“СМУ” КеАҚ-да Басқарма Төрағасы – Ректор А. А. Дюсуповтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың ұйғарымымен гуманитарлық көмек үшін қаражат жинауға үндеу жарияланды. Аз уақытта университеттің Павлодардағы және Өскемендегі филиалдарын қосқанда барлық профессорлары мен оқытушылары, қызметкерлері жәрдем жинауға үлес қосты. Университет ұжымы мен жедел штаб мүшелерінің жылдам да жүйелі жұмысының арқасында 700 мың теңгеге дәрі-дәрмек пен азық-түлік және өзге ең қажетті заттар сатып алынып ары қарай жөнелтілуі үшін “Аманат” партиясының облыстық филиалына жеткізілді.
“СМУ” КеАҚ қиын сәтте жерлестерге жәрдем беріп қолдау білдіруге әзір! Біз – біргеміз![/vc_column_text][vc_single_image image=”156269″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]