Физиологиялық пәндер кафедрасының қысқы / жазғы мектептері

Физиологиялық пәндер кафедрасының қысқы / жазғы мектептері

ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасында қысқы/жазғы мектептердің сабақтары аяқталды. «Жалпы медицина» (228 топ, өзбектер) және «Стоматология» (210 топ – өзбектер, 211 топ – пәкістандықтар) мамандықтарының 2 курс студенттерінің өтініші бойынша кафедрада білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған студенттерге қосымша білім беру қызметтерін көрсету мақсатында қысқы /жазғы мектептердің сабақтары ұйымдастырылды. Аталған сабақтарды каф.меңгерушісі С.О.Рахыжанова және аға.оқытушы Г.М.Токешева жүргізді. Оқу барысында мектеп тыңдаушылары қиындық туғызатын мәселелер бойынша жан – жақты түсіндірмелерін және емтиханның тәжірибелік бөлігі-ОҚТЕ (ОСПЭ) тапсыруға дайындық бойынша консультациялар алды. Мектеп тыңдаушылары суммативті емтиханның екі кезеңін де сәтті тапсырып өткізілген сабақтары үшін оқытушыларға өз алғыстарын білдірді.

Рубрикалар: Оқу процесі