2023 жылдың 1 маусымында «Ғылым қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін неғұрлым перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға сайыс жариялады. Осыған орай, 2023 жылдың 14 маусымында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да ғылыми бөлімнің, университет ғалымдарының және олардың әлеуетті жеке серіктестерінің «Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында сайысқа өтінімдерді ресімдеу және беру бойынша кеңестер берілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

