«Балалар жұқпалы аурулары және балалар аурулары» атты интегрирлеген пәнаралық олимпиада

«Балалар жұқпалы аурулары және балалар аурулары» атты интегрирлеген пәнаралық олимпиада

2023 жылдың 18 мамырында облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығының балалар жұқпалы аурулар бөлімшесі базасында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Балалар және балалық шақтағы жұқпалы аурулар» атты интегрирленген пәнаралық олимпиада өткізілді. Бұл шараны ұйымдастырушылар: Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы және Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлері. Олимпиада үш тілде өтті және төрт кезеңнен тұрды: сәлемдесу, жағдайлық есептерді шешу, жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) кию және шешу, капитандар сайысы.

Балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Эфендиев И.М. және Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Тоқтабаева Б.Ж. сөз сөйледі

Олимпиада қорытындысы бойынша «Иммунитет» командасы (4102-топ) 1 орын, «Вита» командасы (4109-топ) 2 орын; 3 орын – «Фторохром» (4101-топ) және «Крандық жүйкелер» (шетелдік студенттердің 434-тобы) командалары иеленді.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, қатысушы сертификаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы