2023 жылғы 12 мамырда “МУС” КЕАҚ университеттік госпиталінің базасында, госпитальдық хирургия Анестезиология
және реаниматологиякафедрасында
Кафедра меңгерушісі М. Ж. Аймағамбетов жиналғандарға презентация ұсынды, онда интерндерді кафедра қызметкерлерімен ,кафедра тарихымен, оның жетістіктерімен, жабдықталуымен, клиникалық базаларымен, бөлімшедегі резиденттердің жұмысымен таныстырды . Кафедра қызметкерлерінің емдеу жұмысын ерекше атап өтті, ол: таңертеңгі дәрігерлік конференция, консилиумдар, науқастарды аралау , таңу кабинеттерінде жұмыс істеу, операциялық блокта операция жасайтын хирург және ассистент рөлінде жұмыс істеу,науқастарды қадағалау және университет госпиталінің әртүрлі бөлімшелерінде консультациялар өткізу. Қазіргі уақытта бізде 3 жылға есептелген “жалпы хирургия” мамандығы бойынша 1-ші, 2-ші және 3-ші жыл резиденттері білім алуда. Олар жоспарлы және шұғыл кезекшілікте болады, тәжірибелі хирург-тәлімгердің бақылауымен операцияларды өз бетінше орындайды. Кафедра қызметкерлерімен бірге ғылыми жұмыстар жүргізуде. Соңғы үш жылда резиденттермен бірлесіп 20-дан астам мақалалар мен тезистер жарияланды. Олар авторлық куәлік пен зияткерлік меншік патенттерінің бірлескен авторлары.
Кафедра қызметкерлері қызығушылық танытқандарға интерндердің сұрақтарына жауап берді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




