22.05.2023.-29.05.2023. ж. аралығында ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары К.Т.Кусаинова және Ә.Н.Масалимова биофизика пәнінен «Ядролық медицинаның дамуындағы биофизиканың ролі» тақырыбында жазғы мектеп ұйымдастырды. Бұл мектепті ұйымдастырудағы мақсат – дүние жүзіндегі ядролық медицинаның әртүрлі аспектілерін, ядролық физиканың заманауи жетістіктерін айқындау. Студенттер берілген тақырыптар бойынша мәліметтер жинап, Қазақстандағы ядролық медицина істерінің қазіргі жай-күйі, түйткілді мәселелері мен перспективалық бағыттары жайында презентация дайындап, қатысушылар назарына ұсынды.
Жазғы мектеп жоғарғы курстарда оқитын осы саладағы пәндерді игеруде және ядролық медицина саласындағы білімдерін тереңдетуде тиімді болып табылады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

