Физиологиялық пәндер кафедрасының “Күміс университет” жобасына қатысуы

Физиологиялық пәндер кафедрасының “Күміс университет” жобасына қатысуы

15 маусымда “Күміс университеті” жобасына қатысу аясында кафедрада “Есте сақтау. Есте сақтауды дамыту жолдары”атты тақырыпта тыңдалым болды. Кафедраның аға оқытушысы Г.М. Токешева және оқытушы А.Е. Мұсаханова осы тақырыпта қызықты презентация дайындады. Жоба тыңдаушылары есте сақтаудың мағынасымен, түрлерімен, механизмдерімен танысты. Презентация авторлары тыңдаушыларға ассоциация түрін, есте сақтаудың түрін анықтау, көрнекі суреттердің атауын ойнату бойынша қызықты тапсырмалар ұсынды. Жоба тыңдаушылары тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Кездесу соңында презентация авторлары есте сақтауды жақсарту бойынша кеңестер берді, есте сақтауды жаттықтыру ережелерімен және есте сақтауды нығайтуға ықпал ететін салауатты өмір салты ережелерін сақтаумен таныстырды. Өткізілген семинар бойынша жоба тыңдаушыларынан кері байланыс алынды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: