“Үздік резидент-кардиолог”олимпиадасы

“Үздік резидент-кардиолог”олимпиадасы

2023 жылдың 9 маусымында Семей қаласындағы терапия кафедрасында “Кардиология ересектер, балалар” мамандығының 1 жыл резиденттері арасында “Үздік резидент-кардиолог” олимпиадасы өткізілді. Қазылар алқасының төрағасы, терапия кафедрасының меңгерушісі, PhDдокторы Мансурова Д. А. құттықтау сөзсөйледі, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері кафедра доценті, м. ғ. к. Есімбекова Э. И., кафедра меңгерушісі Аймагамбетова А. О., Семей қ. БСМП №1 кардиология бөлімінің меңгерушісі Бақаева Л. М., №2 кардиология бөлімінің меңгерушісі Насымбеков М. Р. болды.

Бұл олимпиадаға 10 резидент қатысты,оның ішінде 6 қатысушы Семей қаласынан, 4 қатысушы Өскеменқаласынан. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: 1 кезең – тестілеу, 2 кезең – блиц-турнир түріндегі викторина, 3 кезең – ЭКГ интерпретациясы, 4 кезең – Қызықты клиникалық жағдайды ұсыну.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынды резидент-кардиолог Уатханова Аяужан, 2 орынды Раисова Камила, 3 орынды Мускенов Айқыниеленді, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтарымен Төлеухан Қуатбек, Рахимова Нұргүл, Бақтыбаева Рахат марапатталды.

“Үздік резидент-кардиолог” олимпиадасы терапия кафедрасында дәстүрлердің бірі болып табылады және жыл сайын өткізіледі. Бұл олимпиада резидент өзінің оқу жылы ішінде меңгерген білімі мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ үздіктердің ең жақсысын анықтайтын алаң болып табылады![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: