1 курс резидент-кардиологтарына «Вейппен күрес» тақырыбында кураторлық сағат

1 курс резидент-кардиологтарына «Вейппен күрес» тақырыбында кураторлық сағат

Профилактикалық жұмыс аясында 2023 жылдың 14 маусымында терапия кафедрасының ассистенті, ф.ғ.к. Аймағамбетова А.О. 1 курс резидент-кардиологтарына «Вейппен күрес» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Күн сайын қала көшелерінде біз арнайы құрылғыларды пайдаланып, көп мөлшерде бу шығаратын адамдарды көреміз. Көптеген адамдар кәдімгі темекіден бас тарту үшін электронды темекі сатып алады, соңында уақыт өте мүлде шылым шегуден бас тартамын деп ойлайды. Бірақ бұл миф қана. Ең алдымен, вейптердің өзі азырақ болса да, никотинге тәуелділіктің себебі болып табылады. Сонымен қатар, темекі шегушілердің көпшілігі, тіпті бір жылдан кейін де, электронды темекімен қатар кәдімгі темекі шегуді жалғастыруда.

Резиденттер назарына вейптің адам ағзасына зияны туралы маңызды аспектілер көрсетілген презентация ұсынылды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]