Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында мастер-класс ұйымдастыру

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында мастер-класс ұйымдастыру

2023 жылы 18 маусымда Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Б.Ж.Тоқтабаева «PREZI.com веб-сайты арқылы сызықтық емес презентациялар құру» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырып, өткізді.

Мастер-класс мақсаты: Презентация дайындаудың заманауи технологияларының ерекшеліктерімен мұғалімдерді таныстыра отырып, олардың құзыреттілігін арттыру.

Мастер-классқа МБСББ бөлімінің бсашысы Урузбаева Г.А., МБСББ әдіскері Бекболатова М.А., ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Амренова К.Ш., Д.М.Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитация кафедрасынан-  PhD   Ахметжанова Д.О., мейірбике ісі кафедрасының ассистенттері – Амренова Ш.Ш., Биниязова А.Т. және балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары қатысты.

Б.Ж. Тоқтабаева интерактивті презентацияны қалай құру керектігін кезең-кезеңімен көрсетті. Ол дизайндағы өте ерекше презентацияларды құрастыру қадамдарын, сондай-ақ осы бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін анық көрсетті. Барлық материал егжей-тегжейлі көрсетілді.

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы