«Семей медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясы жұмысын бастады

«Семей медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясы жұмысын бастады

Құрметті талапкер!

20 маусымда 2023-2024 оқу жылында Семей медицина университетіне түсу үшін талапкерлерді қабылдау жөніндегі ЖОО комиссиясы өз жұмысын бастады. Қабылдау комиссиясының жұмысын ашу үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жетекші эндокринологы, Семей медицина университетінің эндокринология кафедрасының меңгерушісі, қазіргі уақытта эндокринология кафедрасының профессоры, сонымен қатар жоғары санатты эндокринолог-дәрігер Майра Жақсыманқызы Еспенбетова шақырылды.

Біздің университетте бакалавриаттың жеті білім беру бағдарламасы бойынша, бейіндік бағыттағы магистратураның жеті білім беру бағдарламасы бойынша, ғылыми-педагогикалық бағыттағы бес мамандық бойынша, резидентураның 39 білім беру бағдарламасы және екі PhD докторантура бағдарламасы бойынша даярлау жүзеге асырылады. 20 маусымнан 25 тамызға дейін қабылдау комиссиясының қызметкерлері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, грантқа қалай түсуге болады, қандай жеңілдіктер беріледі, болашақ мамандықты таңдауда ақпараттық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ қабылдау комиссиясына келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалу арқылы өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоюға болады: 8(7222)32-61-80; 8(778)008-57-56.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]