Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы

2023 жылдың 12-ші мен 16-шы маусым аралығында академиялық ұтқырлық халықаралық Erasmus+ бағдарламасы бойынша Семей медицина университеті КеАҚ-ның м.ғ.д., профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасыдоцент м.а., PhD Дархан Есенгалиевич Узбеков, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының физика магистрі, биофизика оқытушысы Әнел Нұржанқызы Масалимова Сatholic University of Valencia, Валенсия, Испанияға өтті.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Валенсияның Католик университетінің кейбір кафедралары мен клиникалық бөлімдеріне баруды қамтыды (Симуляциялық бөлім; Спорттық медицина орталығы). Іс-шараға еліміздің өкілдерінен бөлек, Жапония, Португалия және Литвадан келген профессорлық-оқытушылық құрам мүшелері қатысты. Бағдарламаның барлық қатысушылары ғылым мен медицинаның әртүрлі салаларындағы білімдерімен бөлісуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде өз университетін көрсетуге шақырылды.

Erasmus + бағдарламасының үйлестірушілері мен академиялық ұтқырлық қатысушыларының үйлесімді жұмысы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға, оқытудың жаңа дағдыларын игеруге және әртүрлі елдердің университеттері арасында серіктестік қатынастарды орнатуға ықпал етті.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Erasmus+ жаңалықтары