2023 жылдың 20 маусымында патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасында кафедра атымен аталған профессор Ю.В. Пруглоның отбасымен жылы кездесу өтті. Профессор Ю.В.Пруглоның отбасы шағын кеңсе–мұражай құру мақсатында кафедраға құнды кітаптар мен естелік заттарды сыйға тартуға шешім қабылдады. Юрий Васильевичтің қызы – Марина Юрьевна профессордың ұзақ шығармашылық қызметі кезіндегі жинаған баға жетпес дәрістерін, слайдтарын, қызықты кейстердің микропрепараттарын сыйлады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]