6В10106 “Қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша Мемлекеттік қорытынды аттестациялауды өткізу

6В10106 “Қоғамдық денсаулық сақтау” білім беру бағдарламасы бойынша Мемлекеттік қорытынды аттестациялауды өткізу

19.06.2023 ж. “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша 4 курс студенттері  мемлекеттік емтиханның I кезеңін тестілеу түрінде және 22.06.2023 ж. 5 станция бойынша ҰТО платформасын пайдалана отырып, II кезеңді – объективті құрылымдық практикалық емтиханды (ОСПЭ) ретінде тапсырды. Емтиханның қорытынды бағасы бітірушіге 1 және 2 кезеңдердің нәтижелері бойынша қойылады.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының құрамына “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша 4 курс түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан өткізу үшін Семей медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы және практикалық денсаулық сақтаудың бас мамандары енгізілді:

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия төрағасы: Асарбекова Жібек Рахимқызы – “Победа” медициналық орталығының директоры, жоғары санатты дәрігер.

МАК төрағасының орынбасары: Бегимова Гүлнар Қасымқызы-Семей қаласының “Аралас үлгідегі №6 емхана” медициналық мекемесінің меңгерушісі, жоғары санатты жалпы практика дәрігері.

Мак тәуелсіз бақылаушысы: Төлеуханова Айдана Медетқызы-Абай облысының ДСБ медициналық көмек, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

Мемлекеттік қорытынды аттестациялау өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қоғамдық денсаулық  кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі