Абай облысының ұстаздары «Семей медицина университеті» КеАҚ-да

Абай облысының ұстаздары «Семей медицина университеті» КеАҚ-да

“Семей медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен”Абай облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесі арасындағы  Меморандум аясында 2023 жылдың 20 маусымында Қабылдау комиссиясы және  Medical Foundation бөлімімен  Абай облысы бойынша «Біліктілікті арттыру институты» филиалы және “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының курс тыңдаушыларына  университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Білім сапасын арттыру аясында оқытушылардың пәндік құзыреттілігін арттыру барысында жоғары оқу орындарымен практикалық тәжірибе алмасу мақсатында курс бағдарламасы бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Осы мақсатты негізге ала отырып, оқытушылар «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның  медицина ғылымдарының докторы, профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында болды. Абай өңірінің ұстаздары университетті аралап, тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп қайтты. Курс тыңдаушылары симуляциялық технологиялар кафедрасы мен анатомиялық мұражайға да барды. Кафедра әдіскерлері кәсіптік бағдар беру мақсатында «СМУ» КеАҚ-на  оқуға түсу ережелері, білім беру бағдарламалары туралы түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір