Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылғы 4 маусым-еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері-Ту, Елтаңба және Әнұран алғаш рет бекітілді. 2007 жылы 4 маусымда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі. Осы мерекеге орай 2023 жылғы 6 маусымда терапия кафедрасының ассистенті А. К. Абылхаирова терапевт, кардиолог және гематолог резиденттерімен мемлекеттік рәміздерді білу және құрметтеу бойынша іс-шара өткізді. Іс-шара бейнеролик көру, викторинаға қатысу форматында өтті. Барлық резиденттер викторинаға белсенді қатысты. Мұндай іс-шараларды өткізу білім алушылардың патриоттық рухын нығайтады, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятады.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз