БжХП кафедрасындағы мемлекеттік емтихан нәтижелері

БжХП кафедрасындағы мемлекеттік емтихан нәтижелері

2023 жылдың 22 маусымында м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында 6В10104 «Фармация» білім беру бағдарламасының бітіруші курсының Мемлекеттік емтиханының практикалық дағдылардың екінші кезеңі аяқталды.

«СМУ» КеАҚ-ның 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 659-С бұйрығына сәйкес МАК құрамы бекітілді, оның төрағасы Курбатова Галина Федоровна – «KFK Medservice Plus» ЖШС Семей филиалының директоры тағайындалды. Төрағаның орынбасары: Омаркулова Римма Ахметкәрімқызы – «Орталық дәріхана» ММ фармацевт.

Комиссия мүшелері: Смаилова Ж. К., – Басқарма Төрағасының академиялық және тәрбиелік жұмыс жөніндегі орынбасары, м.ғ.к., Кайрханова Ы. О. – PhD, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектеп деканы, Олжаева Р. Р., – профессор, С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м. а., б.ғ.к., Тулеутаева Р. Е., – м.ғ.д., профессор М. Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., Нурмадиева Г. Т. – қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектеп деканы орынбасары. Комиссия құрамына «Фармация» мамандығының 2008 жылғы түлегі Увалиев Сүлеймен Марғаждарұлы шақырылды, ол қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Абай ауданы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

Студенттер келесі бағыттар бойынша жауаптарын қорғады: коммуникативті дағдылар, дәрілік заттардың фармакогностикалық талдауы, дәрілік формалардың технологиясы, қабылдауды ұйымдастыру, есепке алу, сақтау, дәрілік заттардың сапасын бақылау. Әрбір станция тиісті химиялық заттармен, ыдыс-аяқпен, құрал-жабдықтармен, гербарийлермен жабдықталды. Студенттердің жауаптарын тиісті пәндердің оқытушылары бағалап, НЦНЭ порталына уақытылы орналастырылды.

МАК жұмысы сәтті аяқталды. Орташа балл 82,57% құрады.

Түлектерге диплом алғаннан кейінгі практикалық қызметтеріне сәттілік тілейміз!!!

 

М.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы

Жарияланды: