Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының волонтерлік жұмысы

Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының волонтерлік жұмысы

Волонтерлардың басты мақсаты-қоғамымыздың әлеуметтік осал мүшелеріне көмек көрсету. Кейде тіпті бір сөзбен де қолдау көрсетуге болады, жақсы істер, материалдық қолдау туралы айтпағанда!

2023 жылғы 12 маусымда стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының ПОҚ: Сүлейменева Д. М., кафедра ассистенттері Рахимжанов И. Н., Мұхтар М. Р., Турусбекова Д. Х., ВК үйлестірушісі Гамзаева Б. Ш., волонтерлер – стоматология факультетінің студенттері қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасына келді. Волонтерлер отбасына ең қажетті көмек көрсетті, азық-түлік әкелді.

Біздің іс-әрекеттеріміз басқаларға үлгі болады деп үміттенеміз, өйткені жақсылық жасау оңай ғана емес, сонымен қатар өте жағымды.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір