2023 жылғы 24 Маусымда №12 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына (МСКО) бекітілген халыққа арналған профилактикалық медицина мектебінің кезекті отырысы өтті.
Мектептің мақсаты-өмір салтын өзгертуге тұрақты мотивация құру. Науқастрға қан қысымын дұрыс өлшеу, қан қысымын өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу, гипертониялық криздарда алғашқы медициналық көмек көрсету, тамақтану, дене салмағының индексін есептеу әдістері үйретілді. Аудитория артериялық гипертензияның алдын алумен танысты, аурудың қайталама профилактикасының проблемалық мәселелері талқыланды және науқастардың диспансерлік бақылаудың маңыздылығы туралы атап өтілді. Дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау, тұрақты физикалық белсенділік қажеттілігіне баса назар аударылды.
Мектеп отырысын Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. д., профессор Дюсупова Ажар Ахметкалиевна және №12 МСКО меңгерушісі, м. ғ. к., Сәрсенбина Л. К. жетекшілігімен дайындады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]