Қорытынды аттестаттау, 5 курс

Қорытынды аттестаттау, 5 курс

21.06-27.06.23 «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері екі кезеңді қамтитын қорытынды аттестациядан өтеді: 1) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу); 2) дағдыларды бағалау (ОҚКЕ). Қорытынды аттестацияның бірінші кезеңінде бакалавриаттың 4-5 курсында оқытылатын пәндердің 100 сұрағы ұсынылады. Екінші кезең (ОҚКЕ) 4-5 курста оқытылатын пәндер бойынша 16 станцияны (8 белсенді және 8 пассивті) қамтиды. Белсенді станция стандартталған пациент немесе практикалық дағдыларды көрсету ретінде жүргізіледі. Пассивті станцияда зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері түсіндіріліп, жағдай негізінде клиникалық диагноз қойылады. Студенттерге қорытынды аттестациядан сәтті өтуіне тілектеспіз![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі