«Семей медицина университеті» КеАҚ-нда 29 маусымнан бастап ЖОО-ның биылғы ең басты оқиғасы – 2023 жылғы бакалавриат түлектеріне диплом табыстау басталды. Осы айтулы оқиғаның құрметіне университеттің акт залында салтанатты іс-шаралар өтуде!
Салтанатты іс-шаралардың бірінші күні 97 «Фармация», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі» бакалавриат мамандықтарының түлектері жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом алды.
Осы мерекелік күні түлектерді ізгі тілекпен басқарма төрағасы – «Семей медицина университеті» КеАҚ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор А. А. Дюсупов, стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Сулейменова Д. М., сонымен қатар біздің Ақылмандар – доцент Токанова Ш. Е. және доцент Абралина Ш. Ш. құттықтау сөз айтты.
Салтанатты шара барысында 5 жыл ішінде жастар қозғалысын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, университеттің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып жүрген студенттерге де университет атынан алғыс хаттар табыс етілді. Дәстүр бойынша салтанатты шара оқу орнының бас ғимараты алдында түлектермен бірлесіп суретке түсумен аяқталды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]