2023 жылдың 29 маусымында «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да «Мейіргер ісі» 10 айлық жеделдетілген бакалавриат бағдарламасының түлектеріне дипломдарды табыстау рәсімі өтті. 230 адам оқуды аяқтап, қорытынды аттестациядан абыроймен өтті.
Түлектерге дипломдарды табыстау салтанатында «СМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор, м.ғ.д., профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич қонақтар мен түлектерді құттықтады.
Диплом алу – әр адамның өміріндегі ең әсерлі күндердің бірі. Бүгін біз өз саласының бірінші санатты мамандарын шығарамыз! Біздің түлектеріміз денсаулық сақтау ұйымдарында бас медбике – менеджер, жетекші мамандар болып жатқанын мақтан тұтамыз.
Түлектердің атынан Марина Александровна Гаращенко сөз сөйлеп, ұстаздарға еңбектері, шыдамдылықтары, ынталары мен түлектерді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілігі түлектерімізге мансаптық өсу мен алдағы уақытта табыс тілейді.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]