Радиология кафедрасында өткен «Ашық есік» күні

Радиология кафедрасында өткен «Ашық есік» күні

2023 жылғы 12 мамыр күні «СМУ» КеАҚ УГ базасында орналасқан «Семей қаласының медициналық университеті» КеАҚ радиология кафедрасында «Жалпы дәрігерлі тәжірибе» мамандығы бойынша университет түлектері – интерндері үшін кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы «Радиология» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасымен таныстырды.

Аталған мамандық резидентурасы бойынша жауапты К. А. Альмисаев қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, мамандық бойынша білім алу шартымен, профессорлық – оқытушылар құрамымен, кафедраның клиникалық базасымен, «Радиология» мамандығы бойынша клиникалық жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырды. Резидентура мамандығы бойынша жауапты тұлға К. А. Альмисаев интерн-дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір