Түлектердің мерейтойлық кездесулері

Түлектердің мерейтойлық кездесулері

Семей медицина университеті түлектерінің әу баста қалыптасқан жақсы бір дәстүрі – курстастардың білім ордасын тәмамдағандарына 10, 20, 30, 40 жыл толғанда кездесу ұйымдастыруы. Игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Маусым айының соңында университетті бітіргендеріне 45, 40, 35 жыл толған түлектер оқу орнының қабырғасында жүздесіп шағын кештер өткізді.
Мемлекеттік Әнұраннан басталған кездесулерде сөйлеген «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы ондаған жыл бұрын оқу орнын тәмамдап денсаулық сақтау саласында жетістіктерге жеткен аға буын өкілдеріне ықыласын білдіріп, университеттің кейінгі жылдардағы жаңалықтары туралы айтты. Мұнымен қатар түлектерге университет әкімшілігі атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Өз кезегінде түлектер оқу орнының басшылығына ризашылықтарын білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті. Кездесулердің барысында түлектер өздеріне білім берген ұстаздарына құрмет көрсетуді де ұмытпады. Бүгінгі таңда тәжірибелі маманардың қатарын толықтырып отырған шәкірттерінің қошеметін сезінген қарт оқытушылар бір марқайып қалды. Бұдан бөлек түлектер дүниеден өткен курстастарын еске алып, студенттік шақтың қызықты сәттерін еске алып, кәсіби жетістіктері жайлы ақпармен бөлісті. Әр кездесудің соңында түлектерге арнап университет бойынша экскурсия жүргізілді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]