30.06.2023 ж Абай театрында «Семей медицина университеті» КЕАҚ-ның «Жалпы медицина» бакалавриат бағдарламасының үш жүз жетпіс төрт түлегіне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Жиырма үш озат студентті қызыл дипломмен марапаттап, Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Сандыбаев Марат Нұрланбекұлы, Басқарма – Төрағасы – Ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы құттықтады.
Құттықтау сөзімен медицина ғылымдарының докторы, ішкі аурулар және ревматология кафедрасының профессоры, Жумадилова Зәуреш Кенжеханқызы және профессор Уразалина М.М. отындағы микробиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Рахимжанова Фарида Сергазиновна шықты. Алғыс сөзді түлектің атасы, ҰҚК отставкадағы подполковнигі Мұсабеков Мәдениет Мұқатайұлы және түлектің анасы Манекина Айжан Мырзатайқызы жеткізді.
Диплом алған бакалаврлар оқу барысында бөліскен тәжірибесі, шыдамдылығы, білімі мен парасаты үшін университетіне, оның басшылығына және оқытушыларына шынайы алғыстарын білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]