«СМУ» КеАҚ Қабылдау комиссиясы шілденің 3-і мен 25-і аралығында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлайды. Құжаттар университетіміздің бас ғимаратында орналасқан келесі аудиторияларда қабылданады:
- Интернатура – 3 қабат №328 кабинет.
- Резидентура – 3 қабат №305 кабинет.
- Магистратура/докторантура – 3 қабат №327.
Қабылдау емтиханының ережелері және құжаттар тізімі туралы қосымша ақпаратты біздің веб-сайттың «Қабылдау» бөлімінен алуға болады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: 9.00-18.00
Түскі үзіліс: 13.00-14.00